Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Табанды еңбек еткен жан табысқа жетпей қоймайды. Тараз қалалық мәслихатында өткен салтанатты шарада Парламент Мәжілісінің депутаты, медицина ғылымдарының докторы Зәуреш Аманжоловамен кездесіп, аз-кем тілдескеннен кейін осыған көз жеткізгендей болдық. Облыс орталығындағы №12 орта мектептің, Алматы мемлекеттік медициналық институтының түлегі Зәуреш Жұманәліқызы – денсаулық сақтау саласының үздіктеріне ғана берілетін үш бірдей марапат, яғни, «Алтын скальпель» белгісін, «Авиценна» төсбелгісін, «Гиппократ» орденін алған білікті маман. Емдеу мекемесінің бас дәрігерінен денсаулық сақтау басқармасының басшысы, одан Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне дейін көтерілген. «Құрмет» орденінің иегері. Былтыр Тараз жерінде тарихымыз бен тағылымымызды танытқан елдік той – Қазақ хандығының 550 жылдығы өтті. Осы тойды жоғары деңгейде өткізуге Жамбыл жерінде туып-өскен, қазір еліміздің әр өңірінде еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар да атсалысқан болатын. Соған байланысты Зәуреш Аманжолова Тараз қаласының «Құрметті азаматы» атанды. – Қазақ хандығының 550 жылдық тойының ерекшелігі тарихты жаңғырта отырып, жаңа тарихымыздың жазылғаны болды. Өнегесі де осы. Сондықтан, бұл шараға тек жамбылдықтар ғана емес, әрбір қазақстандық атсалысты. Біз өзіміздің перзенттік парызымызды орындадық. Сол бір азғантай еңбегімізді елеп, жерлестеріміздің құрмет көрсеткені – мен үшін үлкен мәртебе, – дейді Парламент Мәжілісінің депутаты.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді