Қазіргі таңда өмірімізді ақпараттық-коммуникациялық технологияларсыз елестету қиын. Біз ақпараттық ауқымды материалды база құру арқылы – жоғары әлеуметтік-экономикалық, саясат пен мәдени жаһанданған халыққа айналамыз. Ақпаратты Қазақстан – бұл нағыз ұлттық бағдарлама, себебі ол баршамызға арналған. Оның іске асуы барлық қазақстандықтарға АҚТ тұрғысынан инфраструктурасын қолдануға және де әрбір азамат жеке өз қабілетін дамытуға негізделген. Сондықтан жаңа ақпараттық және инновациялық тұрғыдан біздің елімізді сапалы жаңа баспалдаққа көтеретін бағдарлама деп ой қорытқанымыз дұрыс. Қазіргі таңда электронды үкіметтің қызметін қолданып жүргендер аз емес, яғни әрбір адам жоғары әрі жылдам сапалы интернеттің болғанын қалайды, оның көптеген мүмкіндіктерін және де ақпаратты-коммуникация технологияларын меңгергісі келетіндер қаншама. Сондықтан бұл бағдарламаға барша қазақстандықтардың қатысуы – жаңа неше түрлі ойлар мен ұсыныстардың пайда болуына түрткі болмақ. Сонымен қатар, ақпараттық технологияларды мемлекеттік органдардың барлық деңгейінде қолдану, бақылау жүргізу мәселесінде бірізділікті қамтамасыз етіп, бизнес-үдерістер мен мәліметтердің бір-бірін қайталауын болдырмайды. Бұл өз кезегінде бюджет қаражаты шығынын азайтуға және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік бермек. Облысымыздағы іргелі кәсіпорындардың бірі – «Қазақтелеком» АҚ облыстық телекоммуникация дирекциясы. Бұл ұжым өңірдегі телекоммуникация және байланыс саласында табысты істер атқарып келеді. Негізі, техника дамыған сайын жүйе де өркендей түсуде. Сондықтан күні кешегі жетістіктерді қазіргімен салыстыру мүмкін емес. Кәсіпорын қазіргі заманғы озық технологиялық құрылғылармен жарақтандырылды. Байланыс желісі цифрлы жүйеге көшірілді. Облыс аумағында телефон байланысы қызметі мен электронды қызмет көрсету саласында жаңа табыстарға қол жеткізіп келеді. Қазіргі таңда облыстық дирекцияға тіркелген желілердің саны 137 048-ді көрсетіп отыр. Қызметті жақсарту үшін Сарысу ауданы, Шығанақ ауылындағы және Тараз қаласындағы АТС-7 соңғы 2 аналогті стансасын цифрлы желіге қосты. Телекоммуникация саласы 100% цифрландырылды. Қосымша орталықтандырылған LTE/GSM/UMTS енгізу желілері сияқты жобаларды іске асыру шеңберінде облыста LTE технологиясы бойынша 2015 жылға барлығы 109 базалық станса іске қосылды. Сондай-ақ, облыстық телекоммуникация дирекциясы байланыс сапасын жақсартып, абоненттерді телекоммуникация қызметтеріне қосып, сонымен қатар, барлық алға қойған міндеттерін орындағандығын және алдағы уақытта филиал өз үлесін ұлғайту үшін, компанияның телекоммуникациялық нарығына жаңа қызметтер мен сервистерді енгізу бойынша жұмыс жасап жатыр. Облыс тұрғындарына iD Phone, iD Net, iD TV заманауи телекоммуникация қызметтері ұсынылуда. Күн өткен сайын барлық қызмет түрін пайдаланушылар қатары артып келеді. IDTV арқылы отандық, сонымен қатар, шетелдік арналарды сандық жүйеде сапалы көруге болады. Біз өз жұмысымызды атқарғанда, ең бастысы тұрғындардың қамын ойлап, оларға қажетті қызметтер ұсынуға тырысамыз. Бұл мемлекеттік бағдарлама мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету, инновациялық және ақпараттық–коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени тұрғыда дамуы үшін ақпараттық ортаны қалыптастыру, сондай-ақ отандық ақпараттық кеңістікті дамыту мәселелерін шешуге бағытталған оң бастама болып табылады.
Светлана Жұмашева, облыстық телекоммуникация дирекциясы бас директорының орынбасары, коммерциялық директоры.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді