Кәсіподақтар туралы заң 2014 жылдың маусымында қабылданды. Міне сол уақыттан бастап кәсіподақтарда заңға сәйкес қатаң құрылымдау, салалық, республикалық және аймақтық бірлестіктер арасындағы өкілеттіліктерді жіктеу, кәсіподақтардың барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыруға қатысу тәртібі нақтыланды. Бүгінде кәсіподақтар федерациясының құрамына 18 салалық, 16 аймақтық бірлестік шоғырланған. Салалық кәсіподақтарды біріктіру тұжырымдамасы қабылданып, сәйкесінше шағын кәсіподақ бірлестіктерінің орнына бір салалық еңбеккерлердің мүддесін қорғайтын ірі кәсіподақ ұйымы құрылды. 16 аймақтық кәсіподақ бірлестіктері қайта құрылып, оларға еңбек дауларын шешу, еңбек құқықтарын сақтау, еңбек қатынастарының жағдайына мониторинг жасау және аумақтық деңгейде әлеуметтік әріптестікті жүзеге асырудың жаңа міндеттер жүктелді. Бұрынғы облыстық кәсіподақтар кеңесі бүгінде облыс бойынша кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі болып қайта құрылды. Облыстық кәсіподақтар орталығына 10 салалық кәсіподақ ұйымы кіреді. Онда 122 мыңнан аса кәсіподақ мүшесі бар. Атап айтсақ, олар білім және ғылым қызметкерлері, денсаулық сақтау қызметкерлері, мемлекеттік, банк және қоғамдық қызмет көрсету саласы қызметкерлері, мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері, ауыл шаруашылық қызметкерлері, құрылыс саласы, тұрғын үй шаруашылығы, кәсіпкерлер, жол-көлік қызметкерлері, химия саласы қызметкерлерінен құралған. Орталықтың негізгі міндеті: аймақтық деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін жетілдіру, салалық кәсіподақтармен бірлесе отырып еңбеккерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауда бірлескен іс-қимылдар жасауға үйлестіру, еңбек дауларының алдын алу шараларын ұйымдастыру. Осы мақсатта облыста еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссия құрылған. Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссия құрамына тепе-теңдік негізінде мемлекеттік билік органдары, жұмыс берушілер бірлестігі және кәсіподақ өкілдері кіреді. Комиссия құрамы әр тараптың өз қаулысымен бекітіледі. 2015 жылдың сәуір айында облыс әкімдігінің, қызметкерлердің облыстық бірлестігі және жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері арасында еңбек, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мәселелері жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған келісімге қол қойылған. Келісім бойынша жұмыс берушілер де, кәсіподақтар да, мемлекеттік билік органдары да өз құзыреттері аясында қолайлы еңбек жағдайын жасау, лайықты жалақы төлеу, еңбеккерлер мен олардың отбасы мүшелерінің әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу арқылы кедейшілік деңгейін азайту, экономиканың тұрақты дамуы мен жұмысшылардың кәсіби өсуіне қолайлы жағдай туғызу, еңбек өнімділігін арттыру және еңбек қауіпсіздігі жүйесін жетілдіруді өз міндеттеріне алды.
Бақыт Сапарбаева, облыс бойынша кәсіподақтар орталығының төрайымы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді