Сайлауда белсенділік танытқан бірқатар азаматтар Елбасының Алғыс хатымен марапатталды. Оны «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында өткен салтанатты жиында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев тапсырды. 20 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқанына белсене қатысқандарға азаматтық белсенділіктерін танытқаны үшін алғысын білдірген Кәрім Нәсбекұлы саяси науқанда өңір тұрғындары саяси мәдениеттерінің жоғары екенін көрсеткеніне айрықша тоқталды. – Сайлау науқаны барысында өңір тұрғындары айрықша белсенділік танытты. Сайлаушылардың 82,66 пайызы «Нұр Отан» партиясын қолдап, дауыс берді. Маңызы, мәні зор саяси науқанда облыс бойынша партияның 12 сайлауалды штабы жұмыс жасады. Үгіт-насихат шараларын ұйымдастыруда аса жоғары ұйымшылдық танытқан «Нұр Отан» партиясының белсенділеріне алғыс білдіремін. Өйткені, сайлау – қашан да сын. Біз сол жауапты сыннан сүрінбей өттік. Сондықтан да, бұл жеңіс – ортақ жеңіс! – деді партияның облыстық филиалының төрағасы Кәрім Көкірекбаев. Аймақтық және аумақтық қоғамдық штабтардың мүшелері, кандидаттардың сенімді өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысқан шарада өңір басшысы көп ұлтты Қазақстан халқы өз таңдауын жасағанының арқасында «Нұр Отан» партиясының айқын жеңіске жетіп, мемлекеттік және саяси реформаларды әрі қарай жүргізу мүмкіндігіне ие болғанын, облыстағы 205 депутаттық мандаттың 198-ін партия ұсынған кандидаттар иеленгенін сөз етті. Сайлау науқанына белсене қатысқан азаматтарға Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың және «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің Алғыс хаттарын тапсырды.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді