Халық қызы
Ей, жас адам, жайраңдап күлгеніңді
Күш көретін маған да күн берілді.
Бәрі менің ұл-қызым десем дағы
Күләшімді білмеймін кім дерімді. Халық қызын қызым деп меншіктесем,
Басқа қарттар көңілін көншітпес ем,
Маған да обал әкелік махаббатым
Дербес жатқан көл емес, көлшік десем.
Сол үшін, Күләш, менен де көлемің мол,
Өлеңіммен қанаттас өлеңім бол.
Болашақпен ойнауға болмайды ғой,
Кім біледі, пір тұтар өнеріңді ол.
Біз білеміз, шырағым, біз білеміз,
Кімде қанша қайратты ізгі лебіз.
Талабыңа тәңірім жасамаған
Іргедегі таптауырын ізді негіз.
Сенен тылсым ізгілік тыныс алады,
Сенше тіпті тіршілік тым саналы.
Көңілсіз күн саған тек ұйқысынан
Жаңа тұрған сәбидей томсарады.
Сенше бұлбұл сусындап таңғы шықтан,
Мәнерлейді дыбысын мәңгі шыққан.
Болсын дейсің болмыстың бәрі сенше,
Атсын дейсің басқаша мән құшып таң.
Қиын ойлап, оп-оңай төгілетін,
Сұқтанбайтын сөзіңнің тегіне тым,
Азаптар бар алдында. Азаптарды
Қызықтамай қызбайды тегін етің.
Жатқан жоқ тума-туыс, қайын жетпей,
Қоя алмас хақ бергенін қайырлы етпей,
Мақтаймыз қасыңдағы піріңді де,
Даңғайыр дарқан ақын Қайырбектей.
Есепке алма, кімдер бай, кім батрақ,
Аманатын Алланың құнда, шырақ,
Нағыз шайыр илһәмі бәрінен де
Ақиқаттың алдында қымбатырақ!
(Көрнекті ақын К. Ахметованың мерейтойына арналған топтаманы газетіміздің 4-5-8-беттерінен оқисыздар).
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді