Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, белгілі ақын Күләш Ахметоваға
Атақ пен абыройы асқақтаған, Алыптар мадақтаған, ардақтаған Өлеңнің өңді өрісі санасында Әсерлі, әдемі ұйқас, ғажап талғам! Шеберлік қылдан нәзік ел ұқпайтын, Ойды ойнатып, қиялды қызықтайтын. Ұйқасқа үйлесімді құрады жыр, Шамырқанса шарт сынар қылықтай тың. Өресі өнерлінің биік болмақ, Әдейі сырды әдіптеп, салар салмақ. Өзің ұқ, өзің түсін, өзің шеш дер Парасатпен дегендей, әкет жалғап. Әдепті, биязы боп туған бөлек, Күләштің қаламының қуаты ерек. Бар ғұмырын жырға арнап жүрген жанды Өрелі, ізгі, дана тұлға дер ек. Ақын қыз жырларынан әр таймайтын, Өзі де, өлеңі де қартаймайтын. «Поэзия жауһары, міне, осы» деп, Өзі емес, өлеңдері-ақ айқайлайтын. Ақ таңның шапағындай әсем, асыл, Жырында азаматтық әуен басым. Ұлт рухымен үйлесім тапқан жыры Қазақтың жалт қаратқан кәрі-жасын. Жүрекке жақын жыры, шұғылалы, Жеткізбей жыр-жүйрігі таң қылады. Құмартып, құнықтырып оқығанның Жадында бәйшешектей жаңғырады. Жайнаған жақұт сөздің ұстасы ол, Жұпар иіс, жанды жырдың нұсқасы ол. Жаныңа жылы өлеңмен берер ләззат Шуақты, жырлы, сезімтал КҮЛӘШ, қысқасы, ОЛ!
Айша Көпжасарова, ақын.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді