Алматы Марафоны тек алматылықтар үшін ғана емес, бүкіл қазақстандықтар үшін де айтулы спорттық мереке. Ол адамдар арасында достықтың, таныстықтың нығаюына септігін тигізеді. Алматы Марафонына тұңғыш рет қатысқан белгілі жиhанкез Мағжан Сағымбаев осылай деді.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Мен бүгін Алматы Марафонына тұңғыш рет қатысып, 42 шақырым 195 метр қашықтықты жүгіріп өттім. Ең қиын кезең 30-35 шақырымнан кейін басталады екен. Әрі қарай, өзіңді қамшылап, жігеріңді жанып жүгірмесең болмайды. Міне, осындай сынақтар адам бойында шыдамдылық, төзімділік қасиеттерді қалыптастырады», – деді Мағжан Сағымбаев.
Сонымен қатар, Мағжан болашақта Қазақстан аумағын атпен аралап шығуды армандайтындығын жеткізді.
«Мен кезінде дүниежүзін велосипедпен аралап шығып едім. Таяуда Мақсұт Жұмаев екеуміз Оңтүстік Американың ең биік шыңы – Аконкагуа шыңын бағындырдық. Енді алдағы уақытта Қазақстанның әр облысын атпен аралап шыққым келеді. Ауыл-аймақтарда болып, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен таныссам деймін. Басты мақсатым – осы саяхат арқылы қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін паш ету, әр өңірдің өзіндік ерекшеліктерімен, тарихымен танысып, оларды ұғынып, жұртшылыққа дұрыс түсіндіре білу», – деді Сағымбаев.
ақпарат көзі stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




