Коллаж: Массагет.кз
Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асырудың алды ала қорытындыларына арналған халықаралық конференция аясында БАҚ өкілдерінің допингпен ұсталған спортшыларға шара қолданыла ма, деген сауалына жауап берген министр: «Әрине, қолданылады. Біз мұндай дауға іліккен спортшыларды жарыстан алып жатырмыз. Мәселен, бір ауыр атлет қызымыз өмір бойына спорттан шеттетілді. Біз бұған қатаң қарауымыз керек», - деді ол.
Бұған қоса ол, Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаевқа да шара қолданылғанын, оның бірі 1 жылға, екіншісі 2 жылға спорттан шететілгендігін атап айтты. Демек, бұл спортшыларымыз алдағы Рио олимпидасынан шететілген.
Сонымен қатар Арыстанбек Мұхамедиұлы Олимпиада жеңімпазы атанған спортшыларға берілетін сыйақы көлемі өзгеріссіз қалатындығын атап өтті.
«Бізде үкіметтің бекітілген қаражаты бар. Бірінші орынға 250 мың, екінші орынға 150 мың, үшінші орынға 75 мың доллар беріледі. Бұл нақты үкіметтен бөлінетін қаржы. Мұнан бөлек, өздеріңіз білетіндей, әрбір федерация, облыстар өз деңгейінде спортшыларға құрмет көрсетіп жатады. Менің ойымша, біздің жеңімпаздарға берілетін ақшалай сыйлық дүниежүзіндегі ең көлемді сыйлықтардың бірі», - деді ол. Денсаулық
Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев Рио олимпиадасына бармайтын болды
- author «Ақ жол»
- 22 сәуір, 2016
- 626
Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев Рио олимпиадасына бармайтын болды
Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев Рио олимпиадасына бармайды. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
Дереккөз: ИА "Казинформ"
Ұқсас жаңалықтар
«Біздің сүйікті дәрігер»
- 11 желтоқсан, 2025
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




