«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен туындаған нәзира жырлар

Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен туындаған нәзира жырлар
ашық дереккөз
Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен туындаған нәзира жырлар

Арғынбай Бекбосынның жаңа еңбегі «Жұлдыз» журналында жарияланды

Алла сөзі Құран Кәрімді адамзатқа мұра етіп қалдырған, ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар екені хақ. Кейбір дерек көздері бойынша, пайғамбарымыздың екі мыңнан астам хадисі бар көрінеді. Хадистер пайғамбарымыздың қалдырған рухани мұраларының жиынтығы болып есептеледі. Аса құнды, баға жетпес қазынаның мәні мен мазмұнын тек пайғамбардың айналасындағылар ғана емес, жүздеген, тіпті мыңдаған адамдар да жан жүрегімен түйсінген. Құран Кәрімнің ағылшын тілінде 106 аудармасы бар болса, француз және неміс тілдерінде жүзге жуық аудармасы кездеседі. Қасиетті Құранды орыс тіліне тәржімалау Петр І патшаның тұсында басталыпты.

Дініміздің алтын діңгегіне айналған Құран мен хадистер қазақ тіліне бірнеше мәрте ұлт руханиятын ұлықтаған Халифа Алтай, Рәтбек қажылардың және өзге теолог ғалымдардың, арабтанушылардың белсенділігімен тәржімаланған. Ақын, жазушы Арғынбай Бекбосынның тұңғыш рет пайғамбарымыздың 100 хадисінен туындаған нәзира жырлары Қазақстан Жазушылар одағының «Жұлдыз» әдеби журналының ағымдағы жылғы №3 санында жарық көрді. «Хадистердің поэзиялық түрі көңілге өте қонымды әрі жаттап алуға да аса жеңіл болар еді ғой деп ойлағам, бұл аса жауапты да сауапты істі о баста қолға аларда. Мен барлық ұлт өкілдеріне Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерімен танысып шығуға кеңес берер едім. Бұдан ұтпаса, ешкім ұтылмайды. Қай ұлттың өкілі екендігіне және қай дінді ұстанатынына қарамастан, кімнің де болса жан дүниесі әлдеқайда тазарар еді. Әрине, бұлай еткен жағдайда бәріміз, күллі қоғамымыз, сайып келгенде, барша адамзат ұтады деп ойлаймын» дейді автор өз ойымен бөлісіп.

Табиғат АБАИЛДАЕВ,  «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар