«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таланттар тасада қалмайды

Таланттар тасада қалмайды
ашық дереккөз
Таланттар тасада қалмайды

облыстық халық шығармашылығы орталығы «Жаңа есім» байқауын қолға алды

Облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына қарасты халық шығармашылығы орталығының қолға алуымен облысымызда «Жаңа есім – 2016» байқауы басталды. Шалғайдағы ауылдар мен аудан орталықтарында тасада жүрген таланттарды табуды мақсат еткен жоба аясында орталық қызмет­керлері ақындар мен әншілерді, жыршы-термешілерді, музыка аспап­тарында ойнайтын азамат­тарды елге танытып қана қоймай, олардың талабын ұштамақ. Анығырақ айтсақ, іріктеуден өткен өнерпаздармен сала мамандары тыңғы­лықты жұмыс жасайтын болады. Осы мақсатта аудан орталық­тары мен Тараз қаласында іріктеу кезеңдері өткізілуде. Іріктеу барысында әлден-ақ бірқатар таланттар көзге түсті. Талантымен көзге түскен талабы таудай өнерпаздармен алдағы уақытта кәсіпқой хореограф, вокалист, музыка өңдеушілер жұмыс жасайтын болады. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында қолға алынған жоба жемісін берері сөзсіз. Тіпті үздік өнерпаздардың орындауындағы әндер мен музыкалық шығармалар CD дискіге жазылып шықпақ. Жеңім­паз­дардың қатысуымен гала-концерт Тараз қаласында өтетін болады.

Т. Мұсылманқұл, журналист.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар