«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Анасы 55 күн бұрын қайтыс болған сәби аман туылды

Анасы 55 күн бұрын қайтыс болған сәби аман туылды
ашық дереккөз
Анасы 55 күн бұрын қайтыс болған сәби аман туылды
Польшаның Вроцлав қаласындағы ауруханада анасы 55 күн бұрын қайтыс болған сәби туылды. Бұл туралы GAZETA WROCŁAWSKAхабарлады. "Сәбиді дәрігерлер іштен жарып алды. Бұл - бүгінгі таңдағы технологияның арқасында мүмкін болып отырған ғажайып", - дейді жергілікті дәрігерлер. Басылымның мәліметінше, 41 жастағы жүкті әйелдің ми обырымен ауырған. Жүктілігінің 17-ші айында оның денсаулық жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға түскен еді. Кейін оның миының өлімі тіркелді. Оны құтқару мүмкін болмаған. Алайда науқастың жүрегі соғып тұрғандықтан, дәрігерлер сәбидің өміріне араша түсуді ойлайды.  src= Вроцлав қаласындағы емхана. © Paweł Relikowski Мамандар екі айға жуық уақыт бойы анасының ағзасының өмірлік маңызы бар функцияларын бақылап отырды. "Біз мұндайды әдетте бір-екі күн бойы ғана жасаймыз, бірақ дәл осы жағдайда еш тәжірибеміз болмаса да бірнеше аптаға дейін өмірін созу керек болды", - дейді анестезиология және интенсив терапия кафедрасының меңгерушісі Анджей Кюблер.  src= Сәби туылғаннан кейін 40 күн бойы интенсив терапия палатасында жатты. © Paweł Relikowski Сөйтіп, сәби бір келі салмақ болып туылды. Сәбиді туыстарына тек екі айдан кейін беру мүмкін болыпты. Оның денсаулығы жақсы. Қазіргі уақытта оны әкесі бағып отыр.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар