Денсаулық
Германияда 108 жыл теңізде жүзген ішінде хаты бар бөтелке табылды
- author «Ақ жол»
- 20 сәуір, 2016
- 499
Германияда 108 жыл теңізде жүзген ішінде хаты бар бөтелке табылды
108 жыл теңізде жүзген ішінде хаты бар бөтелке неміс жағажайынан табылған. Ол хаты бар ең көне бөтелке ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.
Сурет konctanciya.info
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Бөтелкені 1906 жылы теңіз биологі Джордж Паркер Биддер тәжірибе өткізу барысында суға ағызып жіберген. Оның ішінде бөтелкені тауып алып Плимут қаласындағы Британ теңіз биологиялық қауымдастығына қайтару жөнінде уақыты көрсетілмеген өтініш хат болған. Қауымдастық бөтелкені тапқан адамға бір шиллинг беруге уәде еткен. Плимуттегі қауымдастықтың хабарлауынша, сынақ жүргізу кезінде теңізге мыңдаған бөтелке жіберілген. Биддер қатарынан екі жыл бойы ішінде хат салынған бөтелкелер жіберіп, оларды тауып алғандардың орны бойынша ағыс бағытын анықтаған. Көптеген бөтелкелер қайтарылмаған. Ал ең соңғысы теңізде 108 жыл, төрт ай 18 күн болған. Оны Солтүстік теңізінен тауып алған зейнеткер Мариан Винклер бөтелкені қағазда көрсетілген мекен-жайға жіберіп бір шиллингке ие болды. Бөтелке Британия жағалауынан 500 шақырым алысқа жүзіп барған. Бұған дейінгі хаты бар бөтелке рекорды 2013 жылы табылды. Ол теңізде 99 жыл 43 күн болған.ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




