Денсаулық
Қазақстанда «LEGO» ойыншығының ұлттық аналогы пайда болды
- author «Ақ жол»
- 18 сәуір, 2016
- 494
Қазақстанда «LEGO» ойыншығының ұлттық аналогы пайда болды
Халықаралық “LEGO” ойыншығының аналогы киіз үй белгісінде Қазақстанның сауда нарығына түсті.
Бұл туралы Сырым Әбдірахманов есімді фейсбук қолданушысы өз парақшасында жариялады. “Қазақ легосы #QAZAQBRAND дайын! Бұл істі біз ұзақ жасадық. Балаларға лайықты ойыншық ұсыну идеясы көп уақыт бұрын келген, арманға бүгін қол жетіп отыр”, – деп жазды ол. Оның сөзінше, құрастырушылар киіз үйді таңдап алу арқылы бұл бала мен ата-ана арасында өзара түсіністікке себеп болады деген ойға сүйеніпті. Өйткені, ойыншықты құрастыру кезінде балаға міндетті түрде үлкендердің көмегі керек болады. Тиісінше, сол процесс кезінде бала да киіз үйдің бөлшектерімен, құрылғыларымен таныса алады. Сондай-ақ, ойыншықтың арнайы құрылымында көшпелі бабаларымыздың баспанасы екені, оның пайда болу тарихы, қазақ ойшылдарының асыл сөздері мен халық мақал-мәтелдері жазылған. “Киіз үйді жұмыс орнын безендіруші құрал ретінде де, қонаққа, шетелдіктерге апарар сый ретінде де қолдануға болады”, – дейді Сырым Әбдірахманов.Источник: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




