Дзюдодан Ташкентте өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары командалық біріншілікте үшінші орын алды, - деп хабарлайдыVesti.kz Федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, ерлер құрамасы бірінші айналымнан автоматты түрде өтіп, екінші раундқа ауысты, бұл кезеңде Сирияны 5:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда қазақстандықтар Өзбекстан құрамасынан 2:3 есебімен ұтылды, алайда қола медальдар үшін таласта Қытайдан 4:1 есебімен басым түсті.
Қазақстанның әйелдер құрамасы да бірінші айналымнан автоматты түрде өтіп, екінші раундта Иранды 5:0 есебімен жеңді. Қазақстандық дзюдошыларды жапон спортшылары финалға шығармады (1:4), бірақ үшінші орынға таласта Өзбекстанды 3:2 есебімен жеңіп кетті.
Жарыста Максим Раков, Азиз Қалқаманұлы және Ержан Шынкеев қола медаль алса, әйелдер арасында Гүлжан Исанова күміс медаль алды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




