Жамбылдың жаңа телеарнасы эфирге 18 сәуірде шығады
Облысымызда 18 сәуірден бастап сандық жүйедегі HD форматында телехабарлар тарататын «77TV» атты коммерциялық жаңа телеарна эфирге шығады.
Телеарнаға «Қазтелерадио» АҚ арқылы хабар тарату сигналы алынды. «Қазақтелеком» АҚ арқылы волоконно-оптикалық байланыс желісі іске қосылды. Биыл ұлттық хабар тарату операторы теле және радио арналар арасында хабар таратудың еркін қолжетімділігіне конкурс ұйымдастырды. Еліміздің 70-тен астам электронды бұқаралық ақпарат құралы қатысқан байқауда 30 телеарна үш жарым жыл бойы тегін хабар тарату құқығына ие болды. Аталған телеарналар ішінде «77TV» да бар.
Телеарнаның тәуліктік көрсетілімі – 16 сағат. Эфир уақытындағы тілдік арақатынас ҚР «БАҚ» туралы Заңына сәйкес келеді. Яғни, мемлекеттік тілдегі хабарлардың үлесі – 70, ал орыс тіліндегі көрсетілімдердің көлемі 30 пайызды құрайды.
Қазіргі уақытта техникалық құрал-жабдықтар алынып, шығармашылық-техникалық мамандар жасақталып, көптеген бағдарламалар дайындалуда. Нақтырақ айтқанда, «77 news» – облыс жаңалықтары, «Апта тынысы» – ақпараттық-сараптамалық, «Бизнес уақыты» – кәсіпкерлікті дамыту, «Жібек жолы жауһарлары» – облысымыздағы тарихи-туристік орындарды насихаттайтын, «Дәмді.кз» – елімізде, оның ішінде, облысымызда жасалған өнімдерді пайдалана отырып, іскер әйелдер мен азаматтардың қатысуымен ас әзірлеу, «TopLine» – ғаламтор қызықтары, «Құтты болсын!» – құттықтау ән-сазды бағдарламалары көрермендер көңілінен шығады деп ойлаймыз.
Осылайша, заманауи талапқа сай, ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын жаңа «77TV» телеарнасы өз жұмысын бастайды. Олай болса, көрерменнің көңілінен шығуды мақсат еткен телеарнамызды кешкі сағат 18.00-де «Отау-тв» жерсерігінен көре аласыздар!
Дана ЖҰМАТАЕВА, «77ТV» телеарнасының директоры.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




