Криштиану Роналду Головкинге «Реал» жейдесін сыйлады (фото)
- author «Ақ жол»
- 13 сәуір, 2016
- 771
Мадридтік «Реал» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду клубтың футболкасына қолтаңбасын қойып, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге сыйға тартты. Алайда, футболшы Головкиннің тегін қате жазған.
Сурет: BNews.kz
«Криштиану жекпе-жек спорт түрлеріне қызығады және Головкиннің бірнеше кездесуін тамашалап, оның қабілетіне тәнті болған», – дейді «Қазақстан спорт технологиялары компаниясының бас директоры Арнұр Ыбыраев.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бала күнінде спортты футболдан бастаған. Кейіннен оны ағалары футболдан боксқа ауыстырып алады.
Отандасымыз бір жолғы сұхбатында әлі күнге футболға қызығатынын және португалиялық Криштиану Роналду оның сүйікті футболшысы екенін айтқан. Тіпті, ол футболшы жайлы хабарларды біліп отыру үшін инстаграмдағы парақшасына жазылғанын да айтты.
ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




