Мырзатай Жолдасбеков "Ақ жолға" арнайы атбасын бұрды
Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, тәуелсіздіктің алғашқы сәттерінен-ақ ұлттық идеологияға үлкен үлес қосқан асыл азамат, бүгінде күллі қазақтың бәтуалы ақсақалдарының біріне айналған Мырзатай Жолдасбеков облыстағы жүз жылға жуық тарихы бар киелі қара шаңырақ – «Ақ жол» газетінің редакциясында болып, ұжым қызметкерлерімен кездесті, қазақтың төл өнері – жыраулық пен жыршылықты сөз етті. Қайраткер өзінің қазақтар туралы, ұлтымыздың құндылықтары туралы алғашқы жазбаларын Кеңестік жүйенің қаһарынан жүрексінбей жариялаған бас басылым - "Ақ жолға" арнайы атбасын бұруды көздегенін айтты. Ал газеттің Бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлымен құрған көркем сұхбаты газеттің алдағы сандарында жарық көретін болады. Онда тау тұлғаның тәуелсіздікке қосқан үлесі жайлы тың деректер жарияланбақ.
Ақжол ақпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




