Жыл басынан бері Жамбыл облысында жергілікті полиция қызметкерлері 587 қылмыстың бетін ашты
- author «Ақ жол»
- 12 сәуір, 2016
- 194
Бұл туралы Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру барысына бағытталған брифингте облыс әкімі Кәрім Насбекұлы айтты.
Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша (16-34 қадам) – отандық тәжірибедегі мүлдем жаңа құрылым - жергілікті полиция қызметі құрылды. Штаттық саны- 1167 адамды құрайды.
Жергілікті полиция тарапынан қабылданған шаралар өз кезегінде облыстағы жедел ахуалды тұрақтандыруға ықпал етуде. Атап айтқанда, өтен үш ай ішінде облыста жалпы қылмыстың 0,7 %-ға төмендеуі байқалады (5331 ден 5313 ке дейін), оның ішінде ауыр қылмыстар 3,1 % ға (350 ден 339 ға дейін) төмендеген. Жергілікті полиция қызметкерлерінің күшімен 587 қылмыстың беті ашылған. 44947 әкімшілік хаттамалар анықталды және жасалынды, анықтау өсімі 12,5% пайызды құрап отыр. Нөлдік төзімділік аясында 33577 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 90% көп (27633).
Полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Ішкі істер департаментінде этикалық нормаларды бұзуға жол берген полицейлердің іс-әрекеттеріне шағымданған азаматтардың арызын қарайтын консультативтік кеңесші орган құрылды. Барлық аудандарда Қоғамдық кеңестердің сапалы құрамы бекітілді. Олардың құрамында мемлекеттік орган басшылары, қоғамдық-саяси бірлестіктер мен ҮЕҰ өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары мен ардагерлер бар.
Бүгінгі таңда жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне әдеп нормаларын бұзылғаны туралы ешқандай шағым түскен жоқ.
Аймақ басшысы К.Насбекұлы атап өткендей, Ұлт жоспарының 32 қадамын іске асыру бойынша аудан орталықтары мен елді мекендердің «Қылмыстық құқық бұзу картасы» әзірленуде. Бүгінде Тараз, Қаратау және Жаңатас қалаларының геоақпараттық карталары іске қосылды. Бұл ақпараттық сервис арқылы мемлекеттік органдармен қатар кез-келген азамат өз қалауы бойынша белгілі бір радиуста (мысалы, тұратын немесе жұмыс істейтін жері) тіркелген құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты электрондық пошта арқылы алу мүмкіндігіне ие болады. Алдағы уақытта «Қылмыстық құқық бұзу картасына» облыстың барлық аудандары қосылатын болады.
Жыл басынан бері қылмыстық жазаларын өтеп шыққан 13 адам жұмыспен қамту органдарына барып, оның 6-ы тұрақты жұмысқа орналасса, 3-і ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, 1-і әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді