Облыста «100 нақты қадам» Ұлт жоспары оң нәтиже беруде

Облыста «100 нақты қадам» Ұлт жоспары оң нәтиже беруде
ашық дереккөз
Облыста «100 нақты қадам» Ұлт жоспары оң нәтиже беруде
IMG_3006 IMG_3016Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен «Облыста Ұлт жоспары бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың «100 нақты қадамның» іске асырылуы»  бойынша  баспасөз маслихаты өтті. Аталған жиында журалистер алдында Ұлт жоспарының алғашқы қадамда мемле­кеттік қызметті модернизациялау туралы айтқан облыс әкімі: «Бiрiншi институционалдық реформаны, яғни «Кәсiби мемлекеттiк аппарат құру» үшiн 15 нақты қадам белгiленген. Қазіргі кезде Жамбыл облысында мемлекетік қызметкерлердің саны 5195 адам, оның ішінде, 2747 жергілікті атқару органдарда жұмыс атқарады. Облыста 52 мемлекеттік қызметкер сынақ мерзімі­нен өтіп жатыр»,- деді. Сонымен қатар, өзге ай­мақ­тан келген мемлекеттік қызметкерлерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін облыста 273 қызметтік тұрғын үй бар екендігі айтылды. «Бүгінгі күнге 2,4 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын құрайтын 80 жер учаскесінің құжаттары дайындалып, 1 шілдеден бастап аукцион арқылы сатылымға шығарылады. Пайдаланылмай отырған жерлерге және жалпы жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесімен облыста 547 мың гектар пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды. Оның 538 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. 55,8 мың гектар инвестициялық жобаларға берілген. Мүлікті заңдастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 32,1 миллиард теңгені құрайтын 6508 өтініш берілген. Оның ішінде, құны 30,0 миллиард теңге болатын 6014 нысан жария етілді.  Қалғандары комиссиялармен қаралу үстінде» деген өңір басшысы Бес институттық реформаның аса ауқымды бағыт болып табылатын үшіншісінде 50 қадам қамтылғанын олар бойынша нақты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтады. Облыс басшысының баяндамасына сүйенсек, 2015 жылдың қорытындысы бойынша жалпы салынған инвестициялардың көлемі 227 миллиард теңгені құраған. Өткен жылы шетелдік инвесторлармен көлемі 3,2 миллиард АҚШ долларын құрайтын 17 инвестициялық жобаға келісімдер жасалған. Брифинг барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеру мақсатында Ұлт жоспарына сай жасалып жатқан көптеген жұмыстар сөз болды. Жоспарды толық орындау үшін барлық мүмкіндіктер жұмылдырылатынын айтқан Кәрім Нәсбекұлы жиын соңында журналистер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді.  

"Ақжол" ақпарат

 

Ұқсас жаңалықтар