Денсаулық
Бес күндік оқуға көшкен бірінші сыныпқа 1,5 ай демалыс берілмек
- author «Ақ жол»
- 11 сәуір, 2016
- 243
Бес күндік оқуға көшкен бірінші сыныпқа 1,5 ай демалыс берілмек
Алматыдағы халықаралық “Ғылым және бизнес” форумында ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақстандық бірінші сынып оқушыларының бес күндік оқу жүйесіне көшетіні туралы пікір білдірді.
Сурет ҚазАқпарат
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Жаңартылған бағдарлама бір оқу маусымында (34 апта) жоғарғы сыныптардың оқу күні 10 күнге дейін көбеймек. “Біз балаларға бір жылда 34 демалыс күнін бердік. Бұл жылы бірінші сынып оқушылары 29 демалыс күнін алады”, – деді Ерлан Сағадиев. Биылғы жылы бірінші сынып оқушылары бес күндік оқу жүйесіне ауыстырылып, әр пән қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатар өткізілмек. Бұл бағдарлама Назарбаев зияткерлік мектебінде сынақтан өткізілген. 2017 жылы осы бағдарлама бойынша 2,5 және 7-ші сыныптар да оқытылады деген жоспар бар. Жаңа бағдарлама бойынша 350 мың мұғалім дәріс беріп, 3 млн бала тәлім алмақ. “Біз бұл бағдарламаны, бұл революцияны пайдалану керекпіз. Бұл міндетті бағдарлама негізінде бақылау жасауға мүмкіндік береді. Осы жылы бастауыш сыныптардың 73 мың мұғалімі жаңа бағдарлама бойынша оқытуды бастайды. Мұндай бұрын болмаған”, – дейді министр.ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Туа біткен жүрек ақауын емдеудің жаңа әдісі табылды
- 17 қыркүйек, 2024
Тұмауға қарсы екпе салу басталды
- 17 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді