Облыстық кәсіпкерлер палатасы жаңа ғимаратқа қоныс аударды.
Тараз қаласындағы Төле би даңғылының бойында орналасқан «Інжу плаза» аталатын бизнес орталығының 8 қабатты ғимараты – қала көркіне айналған нысанның бірі. Облыстық кәсіпкерлер палатасы аталған орталыққа алғашқылардың бірі болып көш бастады. «Інжу плазада» жұмыстарын жалғастыратын палата тыныс-тіршілігімен танысып, жаңа қонысқа құтты болсын айту үшін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев арнайы ат басын бұрған болатын. Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова облыс басшысына ұйым жұмысы мен алға қойған мақсаттары жөнінде қысқаша айтып берді. Кәсіпкерлікті қолдау мен салаға қатысты көптеген мәселелердің түйінін шешуде белсене жұмыс істеп жатқан ұжым жаңа да жайлы жұмыс орнындағы алғашқы еңбек күндерін тың серпінмен бастап кетті.
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




