
Облыстық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің көшбасшылары Ақыртас кешеніне саяхат жасады. Сонау VІІІ-ІХ ғасырдың қолтаңбасын бүгінгі ұрпаққа жалғап, тарихи құрылыстың ерекше үлгісі саналған бұл кешен – тарихи құндылық болып саналады. Ақыртас кешені ЮНЕСКО көлемінде бағалы жәдігерлердің қатарына қосылуымен де маңызды.
Жібек жолы бойындағы Ақшолақ темір жол стансасынан оңтүстікке қарай 6 шақырым қашықтықта орналасқан Ақыртас ұзақ уақыттан бері зерттеліп келеді. «Жасұландықтар» Ақыртас сарайларын аралап, құрылыс ерекшелігіне жіті назар аударды. Саз балшықтан жасалған жылу құбырларының қалдықтары, су қоймалары сол кездегі шеберлердің ұстанымын, бөлекше талғамын көз алдыңа әкеліп тұрғандай әсерге бөлейді. «Еліміздің көшбасшы жастарымен бірге осындай тарихи орындарға саяхат жасап, олардың санасына, Отанға құрмет сезімді сіңірсек, өткенді тануға қосқан үлесіміз болады. Сондықтан, бұл саяхаттың маңызы, әсері үлкен. Сол әсерді жастармен бөлісіп, құндылықтарды түсіндіре бермекпіз. Мұның барлығы өлке тарихын танып-білуіміз үшін қажет», – дейді «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сания Еркебаева.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Бас жүлдені 8 команда сарапқа салды
- 7 тамыз, 2025
Байзаққа бардық, не көрдік?
- 7 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді