Болашақта адамдардың шашы мүлде ағармайтын болуы мүмкін
Лондон университетінің мамандары шаштың ағаруына әкелетін генді тапты, деп жазады 24.kz.
Ғалымдар Оңтүстік Американың 6 мыңнан аса тұрғынының ДНҚ-сын зерттеп көрді. Бұл құрлықта түрлі нәсілдің өкілдері тұратындықтан, олардың генетикалық құрылымы да сан алуан. Зерттеу нәтижесінде шаштың түсі, қалыңдығы мен түзулігі үшін жауапты IRF4 гені екені анықталды.
Бұл геннің екі түрі бар екен. Біреуі бүкіл әлем тұрғындарында таралған болса, екінші түрі тек еуропалықтарға тән. Сол екінші түрі шашты екі есе жиі ағартады деп топшылаған ғалымдар «болашақта бұл генді өшіруге болады», – дейді. Бірақ ол үшін әлі талай зерттеу жүргізіп, оның пайдасы мен зиян әсерлерін бағалау қажет. Ал қарапайым халық бұл жаңалыққа әртүрлі баға беріп жатыр.
Дерек көзі: 24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




