Денсаулық
Сағадиев оқу жылын 1 шілдеге дейін ұзарту мәселесіне қатысты пікір білдірді
- author «Ақ жол»
- 6 сәуір, 2016
- 484
Сағадиев оқу жылын 1 шілдеге дейін ұзарту мәселесіне қатысты пікір білдірді
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваның оқу жылын 1 шілдеге дейін ұзарту туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл міндетті түрде қажет болады. Егер біз бес күндік оқу аптасын енгізсек, оқушы тағы 36 күн демалады. Олар осы 36 күнді қалай да оқу керек. Сондықтан да оқу жылын ұзартамыз. Қазіргі кезде бірінші сынып оқушылары 1 маусымға дейін оқиды деп жоспарланып отыр. Жыл сайын оқу жылы ұзара түседі, жоғарғы сынып оқушылары маусымның ортасына дейін оқиды. Ары қарай оқу жүктемесіне байланысты шешім қабылдаймыз", - деді Сағадиев.
"Мұның барлығы жаңа оқу бағдарламасымен де байланысты", - деді министр. Оның айтуынша, жаңа бағдарламаны енгізу бес күндік оқу аптасына өтуге мәжбүрлейді.
"Біз балалардың білімді әрі бәсекеге қабілетті болғанын қалаймыз. Адам жыл өткен сайын көбірек жұмыс істеп, көбірек оқи түсетінін білеміз. Адамның көп көлемдегі ақпаратты есте сақтауы үшін өзгеріс енгіземіз. Сәйкесінше, бағдарлама да өзгертіліп, бес күндік оқу аптасына көшеміз. Оқу жылы да сәйкесінше екі-екі жарым аптаға ұзартылады", - деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева жазғы демалыстың 1 шілдеден басталуын дұрыс деп есептейтінін мәлімдеген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




