Денсаулық
ALTEL байланыс операторына "алданған" тараздықтар айқайға басты
- author «Ақ жол»
- 5 сәуір, 2016
- 263
ALTEL байланыс операторына "алданған" тараздықтар айқайға басты
ALTEL байланыс операторын айыптаған тараздық тұрғындар наразылық танытты деп хабарлайды 31 арна.
Бір айға абоненттік төлем жасаған жұрт интернет желісін небәрі екі-үш күн қолданғанымыз үшін әр қайсымыздан төрт жарым теңгені қағып алды дейді. Бұған дейін 4G лимитсіз тарифын қолданған тұтынушылар аталмыш компания елге ескертпей тарифті өзгертті деп өкпелі. ALTEL-дің алдында айғай шуға 4G лимитсіз интернет тарифінің өзгеруі себеп болған.
"АLTEL компаниясына алданған кісілердің барлығы арыздарын қалалық прокурорға жазып жатыр. Өйткені барлықтары бір айға 4500 теңге төлеген. Алты күн, бес күннен кейін барлығының тарифі өшіп жатыр", - дейді Тараз қаласының тұрғыны Жәнібек Салабеков.
4G тарифі тоқтатылғалы ALTEL байланыс операторына базынасын айтуға келгендердің қарасы қалың. Ашулы топтың айтуынша, тарифтің өзгеретінін білмеген. Жайшылықта жаңалығын жар салып жарнамалайтын компания клиент жинап алған соң тарифті тоқтатып, онысын елге ескертпеген дейді. Мәселенің мән жайын білу оңай болмады.
Таң сәріден басшылықты күте аяғынан тік тұрған тұрғындарға директормен тек түстен кейін ғана жүздесудің сәті туды. Анығы, кабинетіне баса көктеп кіріп сұрақтарын төтесінен қойды.
Қалай болғанда да бұған дейін бір айлық абонентттік төлемі 4500 мың теңге болған 4G лимитсіз интернеттке ақша құйған жұрттың ақшасы қайтпайтын болды.
Тариф өзгергенін ескертпеді деген ел жағдайды бұлай қалдырмаймыз дейді. Соңғы соқыр тиынымызға дейін қайтармай қайтпаймыз деген көп арыздарын прокуратураға жолдап қойған.
ақпарат көзі alashInform.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді