Вашингтонда Наурыз мейрамы тойланды
Вашингтонда Наурыз мерекесіне арналған концерт өтті, - деп хабарлайды "24.kz". БҰҰ-дағы Наурыз мейрамы АҚШ астанасы Вашингтонда жалғасты.
Телеарнаның мәліметінше, мұнда Түрксой ұйымына мүше елдердің тәуелсіздік мерекесіне арналып, Уорнер театрында концерт өтті. Онда 15 елден жиылған 150 әртісті көрермен ыстық ықыласпен қарсы алған.
"Көздің жауын алатын ұлттық киім киген өнерпаздардың шырқаған әні мен мың бұралған биі, қала берді түрлі дәнді дақыл мен тәттілерден дайындалған дастарқан мәзірі мерекенің көрігін қыздырды. Ұлттық аспаптарда шырқалған бауырлас қазақ, қырғыз, түрік, түркімен әндерімен қоса моңғол әндеріне тыңдаушы риза болып қайтты", - деп хабарлады телеарна.
"Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі Бағдад Тілегеновтің айтуынша, Түрксойдың бастамасымен Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Түркия елдерінің музыканттарынан оркестр құрылған.
"Олар бір-бірінің тілін, музыкалық аспаптарын жетік білмегенімен үндестікте тіл табысып, жұмыс істей алды. Әрқайсысы ұлттық аспаптарында жекелей де, оркестр болып та өнерлерін көрсетті", - деді ол.
tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




