«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жастар жайын ойлаған

Жастар жайын ойлаған
ашық дереккөз
Жастар жайын ойлаған

IMG_7396

кәсіпкер Замирбек Жақсымбетов құрылыс цехының әлеуетін арттырмақ

Соңғы уақытта ауданда құрылыс материалдарына сұраныс көбейіп отыр. Аудан тұрғындары оған керек заттарды осы уақытқа дейін көбінесе Шу ауданынан тасымалдап келген-ді. Жеке кәсібін өркендетуді мақсат еткен Замирбек Жақсымбетов аудан орталығынан құрылыс материалдарын өндіретін шағын цех ашты. Бұл нысан екі жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Ең бастысы, жергілікті тұрғындар құрылыс бұйымдарына бола алысқа сабылмайтын болды.

Ол жас мамандарды жергілікті жерде тұрақтандыру үшін аудан орталығынан жер телімін алып, ыстық-суық суы, ваннасы, кәріз жүйесі бар, бағасы да қолжетімді пәтер үйлер салуды да армандайды. Тұрғын үй салуға өзінің цехында шығарылатын құмблок жарамайтындықтан, басқа құрылыс материалын өндіретін құрылғыға да тапсырыс беріп қойыпты. Ол цехтың орны да дайын. Бүгінде он шақты адамды жұмыспен қамтып отырған цех басшысы алдағы уақытта ойға алған ісі сәтімен жүзеге асып жатса, жұмысшы санын 15-20 адамға дейін жеткізуді көздейді. Қазірдің өзінде оларға еңбек ету қабілетіне қарай 35-70 мың теңге аралығында айлық жалақы төлеп отыр. Былтыр өңірде құрылыс жұмыстары қарқынды әрі қызу жүргізілгендіктен, жұмысшылардың алды 120 мың теңге жалақыға қол жеткізген. Бір құмблоктың құны – 120 теңге. Көтере сатып алушылар үшін жеңілдіктер бар. Былтыр аталған құрылыс цехында шамамен 45 мыңға жуық құмблок құйылыпты. Сұраныс артып жатса, цех жұмысшылары мұндай өнімнің 100 мың данасын шығару әлеуетіне ие. Замирбек алдағы уақытта құрал-жабдықтарын көбейтіп, цех жұмысын жандандыру үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алуды да жоспарлап отыр. – Ауылда жұмыссыз жүрген жастар көп. Ең әуелі соларды жұмыспен қамтуды ойлаймын. Жастар арасында болашақта қандай кәсіппен айналысуға болатыны жайлы кең көлемде ақыл-кеңес жүргізілуі керек, – дейді кәсіпкер З. Жақсымбетов.

 

Ұқсас жаңалықтар