ҚХР екі қазақстандықты жазасын елінде өтеуі үшін ҚР-ға қайтарды
- author «Ақ жол»
- 1 сәуір, 2016
- 639
Бүгін Қытай билігі Қазақстанның құқыққорғау органдарының өкілдеріне есірткі контрабандасы үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылған және Қытай аумағында бірнеше жылдан бері жазасын өтеп жатқан екі ҚР азаматшасын қайтарды.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 05:50-де (астана уақыты бойынша 03:50) олар жазасын елде өтеу үшін Бейжіңнен ұшып шықты.
Тұтқындарды тапсыру 2011 жылғы 22 қаңтарда жасалып, 2015 жылы қыркүйекте күшіне мінген «Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Халық Республикасы арасындағы сотталған тұлғаларды тапсыру туралы Келісім» аясында жүзеге асырылды.
Еске сала кетейік, 2015 жылғы тамыздан бастап ҚР СІМ, ҚР Бас прокуратурасы және ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің қытайлық әріптестерімен ұзақ жылдар бойы бірлесіп жасаған жұмыстарының нәтижесінде Қытайда жазасын өтеп жатқан 9 қазақстандық елге қайтарылған болатын (5 адам 2015 жылы 28 тамызда және 4 адам - 2016 жылы 4 наурызда).
Қазақстанның құзіретті органдары ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің жәрдемімен алдағы уақытта Қытайда жазасын өтеп жатқан қалған қазақстандықтарды қайтару бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




