«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Құзырлы органға деген сенімге селкеу түспесін

Құзырлы органға деген сенімге селкеу түспесін
ашық дереккөз
Құзырлы органға деген сенімге селкеу түспесін

Тұрғындардың сенімін арттыру, арыз иелерінің бұзылған құқықтарын нақты қалпына келтіру, әрбір өтінішті жан-жақты әрі сапалы, уақтылы қарау, азаматтарды жеке қабылдау бойынша жұмыстарды жандандыра түсу – прокурорлық қадағалау қызметіндегі ең негізгі басымдықтардың бірі. Ал арыз бен өтінішті қарау барысында оның объективті әрі толық тексерілуін қамтамасыз ету мен істі созбалаңға салуға, негізсіз шешім қабылдауға жол бермеу – бүгінгі күннің басты талабы. Қазір прокуратураға заңдылық пен әділдік іздеп келушілер санының артуы осындай талаптардың орындалуын қатаң қадағалаудың нәтижесі екенін айта кету керек. Биылдың өзінде Тараз қаласы прокуратурасына 669 арыз-шағым келіп түсіп, 644-і қаралып, оның 61-іне қанағаттандырарлық жауап берілді. 218-іне заң тұрғысында түсіндірме берілсе, 105-і қанағаттандырусыз қалдырылды. Тұрғындардың арыз-шағымдарын қарау нәтижесінде 2 заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, 14 тәртіптік және сот шешімін орындамағаны үшін 2 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы әкімшілік өндіріс ісі қозғалды. Өтініштердің басым көпшілігі – еңбек, жер дауы мен жер қатынастары, заңсыз құрылыс, заңсыз қамауға алу, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері, жол-көлік оқиғасы, қылмыстық іс, сот қаулылары мен шешімдерінің орындалмауы, өзінің соттылығының заңдылығын анықтап беру мәселесіне қатысты. Мысалы, алимент өндіру туралы жазылған арыз нәтижесінде Тараз қалалық сотының бұйрығы бойынша алимент өндіру туралы шешімді өз еркімен орындамағаны үшін борышкер Р.Т-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 669-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, ол Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданған. Сөйтіп, Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен борышкер Р.Туганбаев Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 3 (үш) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Тағы бір айта кетер жайт, азаматтарды қабылдау тек қана прокуратура ғимаратында ғана емес, қалалық прокуратура мен «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының ұйымдастыруымен қала аумағындағы мемлекеттік мекемелерде де өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері осы мақсатта жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау 3 рет ұйымдастырылды. Жеке сұрақтар бойынша қабылдауға келген 16 азаматтың алтауына ауызша заң түсіндірмесі беріліп, 10 азаматтан жазбаша арыз қабылданды. Қабылданған арыздарды қарау нәтижесінде 6 азаматқа заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 2 арыз қанағаттандырусыз қалдырылды. 2 азаматтың арызындағы көрсетілген уәждер қаралып, оларға қанағаттандырарлық деген жауап берілді. Жақында Тараз қаласының прокуроры Б.Телеу Тараз қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қоғамдық қабылдау өткізіп, онда 12 азамат өздерін мазалап жүрген сұрақтарға жауап ала алды. 8 шағымданушыға ауызша заң түсіндірмесі берілсе, 4 азаматтың арыз-шағымы қабылданды. Жалпы, есепті мерзімде қала прокуратурасына 209 азамат өтінішпен қайырылды. Түзеу мекемелерінде өткізілген қабылдауда 164 сотталушы өздерін мазалаған сұрақтарға дәйекті жауап ала алды. Жеке және заңды тұлғалар арасында қоғамдық қабылдау өткізу маңызды. Сондықтан да, халық сенімін арттыру үшін осы бағыттағы шаралар әлі де жалғасын табуда.

Гүлназ Сапахова, Тараз қаласы прокуратурасының жұмысты ұйымдастыру-бақылау және арыздарды қарау жөніндегі аға прокуроры.

Ұқсас жаңалықтар