«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктеледі

Ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктеледі
ашық дереккөз
Ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктеледі

Жастар кез-келген мемлекеттің кешенді дамуына ықпал ететін стратегиялық ресурс болып табылады. Елбасымыз «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында: «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда», – деп атап көрсетуі де, сондықтан. Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс өткізілген XVII съезінде сөйлеген сөзінде жастарға мүмкіндік беру қажеттігін ескертіп, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол» бағдарламасы «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарындағы міндеттерді орындау жастарға үлкен жауапкершілік жүктелетінін айтты. Жалпы, жастардың пікірлерін зерттеу, елдегі саяси үрдіске, жастардың ұлттық құндылықтарға көзқарастарын және бүгінгі жай-күйіне уақтылы мониторинг жүргізу мемлекет үшін өте маңызды. Мемлекетімізде әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандарды жұмыспен қамту, берілетін жеңілдіктермен тұрғын-үймен қамтамасыз ету, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғынжайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шаралары іске асырылады. Облыс көлемінде жастар саясатының жүзеге асырылуы, жастардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын зерделеу, жастар саясаты мәселелерінің шешу жолдарын айқындау мақсатында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын іске асыру мақсатында «Жастарды қолдау» бағыты бойынша облыстық эксперттік топ құрылған болатын. Ал партияның кезектен тыс XVII съезінде «Қазақстан – 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Партиялық құжат алдағы бес жылдағы дамудың негізгі бағыттарын айқындайды. Алдағы уақытта «Жастарды қолдау» бағыты бойынша сарапшы тобы партияның осы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жолында өз қызметін жалғастыра береді.

Гүлжан ТІЛЕУБЕРДИЕВА, облыстық мәслихаттың депутаты, «Жастарды қолдау» бағыты бойынша сарапшы топтың жетекшісі.

Меркі ауданы.

Ұқсас жаңалықтар