Балаларымызды ұят деген ұғымның негізінде тәрбиелеуіміз және ұятсыздыққа алып баратын нәрселерден сақтауымыздың бір жолы – дін жолы. Қазір теледидарды баласы мен әкесі, қызы мен шешесі көре алмайтын жағдайлар кездеседі. Тіпті, балақайларға арналған мультфильмдердің өзінде де ұятсыздықтың бары байқалады. Туғаннан ұятты адам күнәлі істерге бармайды, жиренішті нәрсеге жоламайды және өз мінез-құлқының жаман жақтарын көрсетпейді. Ұялу жақсылықтардың бастауы әрі иманның бір асыл арнасы болып саналады. Сахабалар «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ұялшақтығы шымылдық ішіндегі жас қыздай еді» деген. Омардың (р.а.) «Ұяты бар – бой тасалайды, бой тасалаушы – турашыл, ал турашыл – қауіп-қатерден аман болады» дегені бар. Бабаларымыз бұл дүниені «Бес күндік жалған» деп атаған. Абай бір сөзінде: «Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ, Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ. Ертең өзің қайдасың, білемісің? Өлмек үшін туғансың, ойлан шырақ!» – дейді. Жастардың бойында жақсы қасиеттердің көп болуы оларды терроризм мен экстремизм қатерлерінен сақтайды. Бұл күнде әлемдік деңгейде алуан түрлі ақпарат көп. Дін саласы бойынша да мәлімет жетерлік. Бұл жағдай тура жолмен жүргісі келіп, имандылыққа бұрылған кейбір жастардың адасуына жол ашуда. Олар білімсіздіктен теріс жолға, ағымға түскенін білмей қалады. Сондықтан, діни тұрғыда белгілі деңгейде сауатты болу әрбір жасқа қажет. Білгісі келгенін мешіт имамдарынан сұраса, қателеспейді. Әрбір білімді жас – Отанымыздың ертеңі, еліміздің келешегі екені бәрімізді ойландыруы тиіс . Әрбір діннің өзіне тән мінезі бар, ислам дінінің мінезі ұялшақтық болса, бұл мінез – мұсылманға тән сипат. Адам баласының нағыз адамшылығы оның ұятының өлшемінен көрінеді. Егіннің көктеуі үшін су қандай маңызды болса, адам өмірінен ұяттың алатын орны да сондай болмақ. Алла тағала бәрімізге шынайы ұяттың ақиқатын біліп, Алладан, періштелерден, адамдардан ұялуды нәсіп етсін.
Ержан Аманбаев, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб-имамы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді