Түрмеде отырған адамдардың саны азайғандықтан, Қазақстан биыл жеті түзету мекемесін жабады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында ҚР Президент Əкімшілігі жетекшісінің орынбасары Марат Бекетаев мəлім етті.
«2013 жылдан бері санағанда, түрмедегі адамдардың саны 21 пайызға азайған. Түрмеде отырған адамдардың саны азайғандықтан, биыл жеті түзету мекемесін жабу жоспарланып отыр. Ал, осылайша үнемделген бюджет қаражаты мен штат қызметкерлерін пробация қызметін дамытуға жəне ілкі жоба ретінде электронды браслеттер енгізу жобасын бастауға жұмсау көзделіп отыр», - деп хабарлады М.Бекетаев.
М.Бекетаевтың хабарлауынша, қазір «қылмыстық тəртіп бұзушылықтар картасы» атты жоба жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде халық Астана, Алматы, облыс орталықтары мен 21 моноқалада жасалған қылмыстар туралы ақпарат ала алады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




