Н.Назарбаев: ЕҚЫҰ-ға бәсекелес бола алатын қауіпсіздікті қамтамасыз етуші ұйым құратын уақыт жетті
- author «Ақ жол»
- 21 мамыр, 2014
- 720
Бүгінде Азиядағы қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз ете алатын және ЕҚЫҰ-ға бәсекелес бола алатын ұйым құратын кез жетті. Бүгін Шанхайда өтіп жатқан АӨСШК IV Саммитінде сөз сөйлеген ҚР Президенті Н.Назарбаев осылай мәлімдеді.
"АӨСШК базасында Азиядағы қауіпсіздік пен даму ұйымын құратын уақыт жетті деп білемін. Ол Киевтегі төңкерісті тоқтатуға қауқарсыз болған ЕҚЫҰ-ға бәсекелес ұйым бола алуы керек", - деді Елбасы саммитте.
Мемлекет басшысы «Батыс Шығыстан бөлініп, өзара түсіністік пен ынтымақтастық орнатпай, шығыстың дәстүрлері мен құндылықтарын ескермей, тұрақты түрде дамып, ақиқатты іздеуге монополия орната алмайды», - деді.
«Алты жыл бұрын басталған жаһандық дағдарыс ешқайда да кеткен жоқ. Ол барлық салаларға еніп, күшейіп келеді: қаржы, экономика, әлеуметтік-саяси және мәдени-рухани салаға да жетті. Бұл - барлық тараптардың және әлемді дамытудың ескірген моделінің дағдарысы. Бұл - жалпыөркениеттік дағдарыс. Сондықтан бізге, Азия елдеріне құрлықты бейбіт жолмен дамыту мәселесімен айналысу керек. Осы үдерісте АҚДҰ маңызды құрал болуы әбден мүмкін», - деді Н.Назарбаев.
ҚР Президенті АӨСШК-ға мүше мемлекеттердің көшбасшыларын бұл мәселені шешуді кейінге қалдырмауға шақырды.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




