Таразда «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени кешені аумағында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық Үйі ғимаратының құрылысы қызу жүргізіліп жатыр.
Тапсырыс беруші Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолы басқармасының ақпаратына қарағанда, нысан құны 1,27 млрд. теңгені құрайды. Бас мердігер - «Астана-Авто-Құрылыс» ЖШС.
Құрылыс учаскесінің бастығы Самат Ақашевтің «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне айтуынша, Достық үйінің құрылысы Жамбыл облысы әкімінің жеке бақылауында. «Құрылыс қызу жүріп жатыр. Шамамен 150 адамдай жұмыс істеуде. Құрылыс 2015 жылдың сәуірінде басталған. Ағымдағы жылдың мамырында нысанды толық салып бітіруді көздеп отырмыз»,-дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді