Қазақстанда соғыста із-түссіз кеткен жауынгерлерді еске алу үшін жаңа сайт іске қосылады
- author «Ақ жол»
- 29 наурыз, 2016
- 266
Қазақстанда Ұлы Отан соғысында із-түссіз кеткен жауынгерлердің бірыңғай виртуалды зираты ашылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен мәдени шара барысында белгілі болды.
Жаңа медиаресурста хабарсыз кеткен майдангерлер туралы мұрағаттан, концлагерь тұтқындары тізімінен, бауырластар зираты мен қазба жұмыстары барысында анықталған соңғы деректер жарияланатын болады. Еске сала кетейік, былтыр күзде «путькпобеде.кз» сайтында «Есімдерін еске алайық» бөлімі ашылған болатын. Ондағы «Біртұтас сап» айдарында қазақстандық жауынгердің әрқайсысына арналған жеке парақша ашылған. Мұндағы деректердің барлығы жаңадан ашылатын «Пантеон.kz» сайтына 1 ай көлемінде толық көшірілетін болады. Мамандардың айтуынша, Қазақстаннан шақырылған солдаттардың ерлігі туралы бірыңғай медиаресурс даңқты ата-бабаларымыздың ерлігін мадақтайтын фильмдердің түсірілуіне, кітаптар мен мақалалардың жазылуына себепші болады. Айта кету керек, Республикалық «Генералдар кеңесі» бірлестігі майданға қатысқан қазақстандықтардың ерлігі еске алу мақсатында жеңіспен оралған, өлген, хабарсыз кеткен, жырақта жерленген, белгісіз солдат ретінде атаусыз қалғандардың «Есімдерін еске алайық» ұзақ мерзімді бағдарлама науқанын бастады. «Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына 1 млн 200 мың адам қатысқан. Соғыс басталмай тұрғанда 200 мың қазақстандық қызыл әскер қатарында болған. 1 млн 400 қазақстандықтан 12 атқыштар дивизиясы, 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, 50-дей арнайы полк құрылған. Солардың жартысы қайтып келді. Жартысы қаза болды. 93 мың адам із-түссіз жоғалып кетті. Олардың артында миллиондаған ұрпақ қалды», - деді ҚР Әділет генерал-майоры, генералдар кеңеінің төрағасы Рүстем Қайдаров. Оның айтуынша, тарихи құжаттарды ашу жағынан Ресейде жұыс белсенді жүріп жатыр. Бұл жұмыстың барлығы қаржыға келіп тіреледі. «Ресей үкіметімен қоян-қолтық жұмыс жасай келе біз де 100-ге тарта адамды таптық. Бүгін 27 жауынгердің туысқанынан арнайы сертификат беріп жатырмыз. Бұның барлығы келер ұрпаққа үлкен патриоттық тәрбие береді. Өз отанын, халқын қорғауға дайын болу, берген анттарына адал болуы тиіс. Осы мәселені көтереміз», - деді Р.Қайдаров.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді