Астана әуежайының территориясында Қытай азаматының не себепті қайтыс болғаны анықталды
- author «Ақ жол»
- 29 наурыз, 2016
- 651
Астана әуежайының территориясында Қытай азаматының не себепті қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 27 наурыз күні сағат 07.53-те халықаралық әуежайдың аялдамасынан ҚХР-дың 1960 жылғы азаматы Янг Джинлиннің денесі табылған. Оның денесінде ешқандай зорлық белгілері болмапты.
"Есіл" аудандық ІІБ басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ерік Егізбаевтың айтуынша, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тегреу аясында тиісті сараптамалар да тағайындалған. Дерек жөнінде ҚР СІМ Консулдық қызметіне хабарланды.
"Сот-медициналық сараптамасы арқылы оның миокард инфарктінен қайтыс болғаны анықталды", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, 27 наурыз күні таңертең Астана әуежайының территориясында Қытай азаматының денесі табылған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




