Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасына сай экономика секторындағы қазақстандық мазмұнның үлесін ұлғайту мәселесі айрықша маңызға ие болып отыр. Аталған акцияны қолдау мақсатында «Халық маркасы» халықтық жобасы мәреден шықты. Үстіміздегі жылғы 25 наурызда Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне адам көп баратын Астанадағы сауда орталықтарының бірінде алғашқы «Жамбыл. Халық маркасы» дүкені ашылды. Тауарлары нарықтағыдан 20 пайызға арзан. Онда отандық азық-түлік өнімдері сатылады. Оның 85 пайызы негізінен Жамбыл облысында өндірілген. Маркеттің ашылуы күнінде Қазақстанда жасалған жүзден астам брендтік өнімдеріміз таныстырылған жәрмеңке-көрме де өтті. Бұл жобаның мақсаты тұтынушылардың отандық өнімдерімізге деген сенімін 70 пайыздық деңгейге дейін ұлғайту, сауатты тұтынушылар менталитетін қалыптастыру, Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің мәртебесін көтеру, олардың өнімдеріне тұтынушылық сұранысты тұрақтандыру болып табылады. Әлеует пен экономика үшін пайдалы бұл үдеріс алдағы уақытта қарқынды жүргізілмек. «Жамбыл. Халық маркасы» дүкенінің сөресіне 500 түрлі өнім қойылған. Оның барлығы облысымызда өндірілген. Жас кәсіпкер Тұрсынжан Әбдувахитов екі апта бойы өңірдің 22 кәсіпкерлік құрылымы өкілдерімен келіссөз жүргізіп, Елордаға делдалсыз тауар жеткізу жөнінде уағда жасасқан екен. Оның айтуынша, жыл соңына дейін бас шаһарда мұндай 22 дүкен ашылмақ. – Біз ұсынған өнім тікелей өндірушіден жеткізіледі. Яғни арада делдал мүлде жоқ. Тауардың өзіндік құнына шамамен 3 пайыз ғана үстеме қосылады. Өңірден өнім аптасына екі рет жеткізіледі. Астанада отандық азық-түлік дүкенінен бөлек, қазақстандық киім-кешек сатылатын сауда орны да бар, – дейді жоба жетекшісі Т. Әбдувахитов.
«Ақ жол –Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді