Парламент Мәжілісінің жаңа депутаты тіркелді
Парламенттің төменгі палатасының пленарлық отырысы басында Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов халық қалаулыларын жаңа әріптесімен таныстырды.
"Құрметті әріптестер, бүгін біздің депутаттық корпус құрамы тағы бір депутатпен толықты. Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылдың 19 мамырындағы қаулысы бойынша "Нұр Отан" партиясының мүшесі Әмірхан Мұратбекұлы Рақымжанов Парламенттің депутаты болып тіркелді" - деді Жақыпов. Ол Рақымжановты жаңа қызметімен құттықтап, оған мықты денсаулық, жұмысына жеміс тіледі.
Бұған дейін Рақымжанов "Нұр Отан" ХДП-да, сондай-ақ, Президент әкімшілігінде қызмет атқарған.
Ақпарат көзі: www.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Саяси науқанға дайындық барысы пысықталды
- 2 наурыз, 2026
«Дауыс беруге арналған бюллетень»
- 28 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




