ҚР ИДМ: Қазақстанда «Фоккер-100» ұшағын техникалық актісіз пайдалануға тыйым салынды
- author «Ақ жол»
- 28 наурыз, 2016
- 515
ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті «Фоккер-100» әуе кемесін техникалық актісіз пайдалануға тыйым салды, делінген таратылған хабарламада.
«ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті «Бек Эйр» авиакомпаниясының атына компанияның инженерлік-авиация қызметінің басшысына шассидің алдыңғы агрегаттары мен тораптарын және шассиді жинау және шығару жүйесін бірреттік техникалық тексеруді ұйымдастыру жөнінде нұсқау жіберді. Тиісті техникалық актіні ҚР ИДМ ААК мен «Қазаэронавигация» РМК әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығына ұсыну қажет. Сонымен қатар Комитет «Қазаэронавигация» РМК ӘҚЖ бас орталығына «Фоккер»-100» әуе кемелерін көрсетілген техникалық актісіз ұшуға жібермеу жөнінде нұсқау берді», - делінген ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.
Мәліметке сай, 2016 жылдың 27 наурызында Астана қаласындағы халықаралық әуежайда «Бек Эйр» авиакомпаниясының «Фоккер-100» ұшағы тап болған апат фактісі бойынша Азаматтық авиация комитеті кезекті рейсті орындау алдында осы тектес алдын алу шараларын жүргізуді қолға алды.
Қазақстанда «Фоккер-100» үлгісіндегі ұшақтарды «Бек Эйр» авиакомпаниясы ғана пайдаланады. Оларда осындай 8 ұшақ бар, оның алтауы Қазақстан аумағында ұшады.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




