Пәкістанда теракт болды: 50-ден аса адам қаза тапты, 100-ге жуығы зардап шекті
- author «Ақ жол»
- 28 наурыз, 2016
- 224
Пәкістанның шығысындағы Лахор қаласында өлімші лаңкестің өзін-өзі жаруынан кем дегенде 53 адам қаза болды, - деп хабарлайды РИА Новости Dawn агенттігіне сілтеме жасап.
Осыған дейін 25 адамның қаза болғаны хабарланған еді. Агенттіктің мәліметінше, 100-ден аса адам зардап шеккен. Жарылыс балалар саябағының маңында болған.
Қазіргі уақытта жарылысқа жауапкершілікті ешбір террор ұйымы алмады. Мұның алдында Пәкістан армиясы Ауғанстанмен шекаралас өңірде антитеррор операциясының шешуші кезеңінің басталғанын жария еткен еді. Пәкістанның қарулы күштері 2014 жылдың жазында "Әл-Каида", "Талибан", "Шығыс Түркістанның Ислам қоғалысы" және "Өзбекстанның ислам қозғалысына" қарсы Зарб-е-Азб (Zarb-e-Azb) деп аталатын "бірегей операцияның" басталғанын мәлім еткен еді.
Арнайы операцияға пәкістандық 30 мыңға жуық жауынгер тартылды. Пәкістан билігінің мәліметінше, ірі кампания басталғалы бері 2,8 мың содырдың көзі жойылыпты.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді