Брюссельдегі терактілерден кейін лондондық азамат көшедегі мұсылман қыздан түсінік талап еткен
- author «Ақ жол»
- 28 наурыз, 2016
- 491
Брюссельдегі терактілерден кейін лондондық азамат көшедегі мұсылман қыздан түсінік талап еткен, - деп хабарлайды РИА Новости.
Брюссельдегі терактілерден кейін лондондық азамат Мэтью Дойл Twitter микроблогында хабарлама қалдырғаннан кейін, полиция оған нәсілдік өшпенділік бойынша айып тақты. Сөйтсе, ол Лондондағы көшелердің бірінде мұсылман қызды тоқтатып алып, Бельгиядағы жарылыстарды түсіндіріп беруін талап еткен. Микроблогындағы жазбасында Дойл мұсылман қызының жауаптан жалтарғанын жазған. Сондағысы, қыз оған жарылыстарға еш қатысы жоқ екенін айтыпты. Бірақ кейін Дойлға тағылған айыптар алып тасталды. Оның соты сенбі күні өтуі керек еді, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.
БАҚ мәліметінше, Ұлыбританияның Корольдік прокуратурасы полицияның бұл бап бойынша айыптаулар тағуға құзырлы емес екенін және істің терроризммен күресетін CPS бөліміне түсуі керек болғанын мәлімдеп, Дойлдың айыптарын алып тастады.
Еске сала кетейік, 22 наурызда таңғы уақытта Брюссель халықаралық әуежайында екі бірдей жарылыс болған еді. Ел билігі оған бірнеше жанкештінің қатысы бар деп есептейді. Сейсенбі күні Брюссельдегі "Мальбек" метро станциясының вагонында үшінші жарылыс болды. Бұл шабуылды ДАИШ өз жауапкершілігіне алды.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




