ҚР СІМ «Аэрофлот» пен «Эйр Астанаға» қатысты жағдайға түсінік берді
- author «Ақ жол»
- 27 наурыз, 2016
- 239
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов «Аэрофлот» пен «Эйр Астана» авиакомпанияларының рейстеріне қатысты орын алған жағдайға түсінік берді.
«Аэрофлот» компаниясының рейстерінің ұшырылмауына қатысты ақпарат алынған сәттен, сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдарында «Эйр Астана» компаниясына Ресей Федерациясына ұшу рейстерін жасауға тыйым салынғаны туралы ақпараттарға қатысты, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі орын алған проблемалық жағдайдың барысын жіті қадағалап отыр. Бұл, әсіресе ең бірінші кезекте шегерілген рейстердегі қазақстандық жолаушыларға қатысты болып табылады», - деді Әнуар Жайнақов.
Оның айтуынша,орын алған оқиғаға байланысты Елшіліктің консулдық қызметкерлері Мәскеудегі Шереметьево әуежайына барып, онда қазақстандық бағытқа қатынайтын «Аэрофлот» компаниясы рейстерінің барлық терминалдарын аралап шығып, Қазақстан азаматтарымен кездесіп, әңгімелескен. Онда жағдай қалыпты, ал орын алған оқиғаны оң шешу бағытында жұмыстар атқарылып жатқанына көз жеткізілген.
«Сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті «Аэрофлот» компаниясына ұшуға қажетті рұқсаттарды бергені, оның 27 наурызға жоспарланған рейстері кесте бойынша атқарылатыны нақтыланды. Ресейлік авиакомпанияның хабарлауынша, 27 наурызда сағат 07.00 бастап Қазақстанға барлық рейстер қалпына келтірілген: Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанда, Шымкент. Ресейлік тараптың растауы бойынша «Эйр Астана» компаниясына қатысты рұқсат беру жұмыстары жақын уақытта қалпына келтіріледі», деді Ә. Жайнақов.
Мәліметтер бойынша «Аэрофлот» 26 наурызда ұша алмаған жолаушылар өтінішіне орай билеттерді басқа рейстер бойынша немесе жақын рейстерге алмастырылғанын хабарлайды (Атырау - Астрахан орнына, Алматы - Бішкек).
«Аэрофлот» компаниясының қызмет көрсету департаменті бөлім басшысының орынбасары Елена Пастухованың сөзіне қарағанда, 26 наурыз күні Қазақстанға ұшырылмаған рейстердің барлық жолаушылары әуежай маңындағы қонақ үйлерге жайғастырылып, үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген, күту терминалдарында қажетті жағдайлар жасалған.
Бұдан бөлек, СІМ консулдық қызметкерлері жолаушыларға ұсынылған қонақ үйлерде болып, олардың орналасу жағдайларымен де танысып қайтқан. Қазақстан азаматтары тарапынан Елшілікке қандай да бір өтініштер немесе шағымдар жасалмаған.
«Қазақстан Елшілігі жағдайды бақылауды жалғастырады, екі мемлекеттің мүдделі мемлекеттік органдарымен, авиациялық қызметтерімен ұдайы байланыста отыр. Шереметьево әуежайында елшілік қызметкерлері кезекшілікті ұйымдастыруда», - деді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі.
Оның айтуына қарағанда, бүгінгі Мәскеу уақытымен сағат 9-дағы «Аэрофлот» компаниясына тиесілі «№SU 1940» рейсі «Мәскеу-Алматы» бағытымен кесте бойынша сағат 7.50 жүзеге асты. Бұдан бөлек, Мәскеуден Алматыға бет алған №КС872 рейс те қалыпты тәртіппен жүзеге асты.
ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді