Әлемде өлімнің 3,8 пайызы адамдардың ұзақ отыруынан болады. Бұндай тұжырымды ғалымдар жасады. Олардың пікірінше, адам өмірін ұзарту үшін күніне үш сағаттан артық отырмау керек және үнемі қозғалыста болу қажет.
Бразилиядағы Сан-Паулу университеті ғалымдарының айтуынша, 30 минутқа аз отырғанның өзі адам денсаулығына жақсы әсер етеді.
Ғалымдар бұндай тұжырымды 15 жыл бойы 54 мемлекеттегі өлім-жітім деңгейін зерттеген соң айтты. Өлім-жітімді азайту үшін күніне 2-3 сағатқа аз отыру керек деген кеңес береді мамандар.
Зерттеу барысында мамандар ұзақ отыру түрлі аурулардың қоздыратынын, оның ішінде семіздікке де алып келетінін ескерді. Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, отырып жұмыс жасайтын адамдар инфаркт пен инсультке жиі шалдығады екен.
Зерттеу авторлары егер адам көп уақытын қозғалыста өткізсе, салауатты өмір салтын ұстанса, өлім-жітім деңгейін айтарлықтай азайтуға болады деп санайды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




