Елбасы ҚР БҒМ-ге мектептерде бес күндік оқу аптасына көшу жұмыстарын бастауды жүктеді
- author «Ақ жол»
- 25 наурыз, 2016
- 710
Бүгін Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына арналған ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрлігіне мектептерде бес күндік оқу аптасына көшу жұмыстарын бастауды жүктеді.
«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына интеграцияланудамыз және бізге бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқаруымыз керек. Барша дамыған елдердегі мектептерде бес күндік оқу аптасы енгізілген. Балаға өзін қалпына келтіруге, педагогқа демалып, алдағы сабақтарға дайындалуға мүмкіндік беріледі. Кейбіреуінде 4 күндік оқу аптасы іске қосылған және бүгінде осындай форматқа көшу дамыған елдердің жалпы әлемдік трендіне айналды. Оқыту аптасы қысқарған кезде білім берудің нәтижелілігі артатынын ғалымдар ғылыми түрде дәлелдеді. Бізге де осы тәжірибені енгізу керек. Осы тұрғыдағы шараларды Білім және ғылым министрлігі бастауыш сыныптардан бастауы қажет», - деді Президент. Мемлекет басшысы Қазақстандағы мектептерде кейбір пәндер бойынша балаларға ауыр салмақ түсіп тұрғанын, осы орайда кейбір пәндерді біріктіру керектігін немесе оқу үдерісінен алып тастау қажеттігін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




