«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Пілдердің де мойнына электрондық қарғыбау тағыла бастады

Пілдердің де мойнына электрондық қарғыбау тағыла бастады
ашық дереккөз
Пілдердің де мойнына электрондық қарғыбау тағыла бастады

Пілдердің   мойнына электрондық қарғыбау тағу жануарларды Жер серігінің көмегімен көктен бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар таяу арада аймақта басталатын құрылыс жұмыстарының сүтқоректілерге тигізетін әсері де тексерілмекші.

Кения ғалымдары бұл бастаманы бекерден бекер көтеріп отырған жоқ. Өйткені 1940 жылдары елде мекен еткен 45 мың пілдің қазіргі саны 11 мыңға жете ме, жетпей ме?! Сондықтан мамандар ірі инфрақұрылымдық жобалардың жануарларға тигізетін кері әсерін барынша азайтуға тырысып келед", деп хабарлайды 24.kz.

 «Пілдерді құтқарыңыз!» ұйымының өкілі Фрэнк Поуптың айтуынша, алып жануарлардың мойнына электрондық құрылғы тағып, олардың жүйрік пойызға арналған темір жол құрылысына қалай әрекет ететінін білуге болады. Өйткені шойын жол сүтқоректілер мекен ететін Цаво ұлттық саябағының шығысы мен батыс бөлігінде жатыр.

2013 жылы Кения мен Қытай арасында экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Бұл жоба сол мәміле аясында жүзеге асырылмақ. Темір жол Шығыс Африкадағы сауда-саттықты дамытуға өз септігін тигізуі тиіс. Осы ретте тірі табиғат туралы да ұмытпаған жөн дейді экологтар. - Елдің дамуы үшін қалалар арасындағы қатынасты жеңілдетіп, тауарлар тасымалын ыңғайлы ету жақсы, әрине. Алайда жануарлар мен өсімдіктер әлемін де назардан тыс қалдырмауымыз керек, дейді эколог Бенсон Окита. Жалпы кениялық пілдердің мойнына бұған дейін де электрондық қарғыбау тағылған. Оларға арнайы Sim карта орнатылды. Ол кезде бұл егіс алқаптарын жануарлардан қорғап қалу үшін жасалып еді. Яғни сүтқоректілер таяп қалғанда орталық серверге хабарлама түседі. Артынша егіске арнайы мамандар тобы шұғыл жетіп, пілдерді қуып шығады екен.

Ұқсас жаңалықтар