«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сабина Алтынбекова Жапониядан неліктен қайта көшіп келгенін айтып берді

Сабина Алтынбекова Жапониядан неліктен қайта көшіп келгенін айтып берді
ашық дереккөз
Сабина Алтынбекова Жапониядан неліктен қайта көшіп келгенін айтып берді

Волейболшы Сабина Алтынбекова жапонның GSS Sunbeams деп аталатын клубынан неліктен кетіп, "Алматы" командасына оралғанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

Спортшы қыз жапон клубының құрамында 2015 жылдың көктемінен бері жаттыққанын, бірақ бір жыл өткенде Қазақстанға қайтып келгенін, тіпті өз командасының сапында бір ойын өткізіп үлгергенін айтты. Айтуынша, ол әуелден-ақ Қазақстанға оралуды жоспарлапты.

"Мен ол жақта сәтті жаттығулар жасадым. Бірінші апталарда, әрине, бейімделу қиындықтар болды - ауа райы қалыпты емес, бірақ барлығы жақсарып кетті. Жарақат алмадым. Шамамен 11 ай жаттығып, жапонның GSS Sunbeams клубында ойнадым. Менің бірінші мақсатым тәжірибе жиау, квалификация көтеру болатын. Биылғы ақпанда маусым аяқталып, мен таяуда Қазақстанға оралдым, бастапқы "Алматы" командасына оралдым, бұл жоспарланған еді", - деді Алтынбекова. Айта кетейік, ол Қазақстанда Өскеменде өтіп жатқан ел чемпионатының бесінші турында ойнады.

"Айтқым келгені, маған жапон клубы қатты ұнады - олар өте кәсіпқой, бірлігі бар команда. Қазақстан мен Жапониядағы волейболдың деңгейі бірдей емес. Командаластарыммен, бапкеріммен әлі де байланыс үзілмейді", - деп атап өтті ол.

Волейболшы алдағы жоспарын айтты. Айтуынша, ол әрмен қарай да "Алматы" клубында жаттығып, ойнай бермек әрі спортшы ретінде өсуге ниетті. Алтынбекова әлі де ұлттық құрама сапына кіруді жоспарлап отыр екен, бірақ ол бұл мақсатқа жету үшін бір жылдық еңбек жеткіліксіз.

"Әйелдер арасындағы ұлттық құрамада жақсы, тәжірибелі ойыншылар бар. Ол жаққа баруға ерте. Мұндай жаста ұлттық құрамаға кіру сирек кездеседі. Бірақ мен тырысамын, жаттығамын, ойнаймын. Құрамаға кіремін деп үміттенемін, бірақ биыл да емес, алдағы жылда да емес", - деді 19 жастағы волбейболшы.

Еске салайық, Сабина Алтынбекова 2014 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында танымал болған еді. Қытай тілшілері қазақстандықтың ойынына емес, сыртқы келбетіне назар аударды. Бірнеше күннің ішінде Алтынбекованың бүкіл Азия бойынша жанкүйерлері пайда болды. Instagram желісінде оны 500 мың адам қадағалап отырады. Алайда волейболшы өзгелердің оны спортшы деп білуін қалайды.

Ұқсас жаңалықтар