Қарағандыға Наурыз қарсаңында Шыңғыс ханның балауыз мүсіні жеткізілді (ФОТО)
- author «Ақ жол»
- 23 наурыз, 2016
- 753
Қарағандыда Наурыз мерекесіне орайы Қ.Сәтпаев атындағы тарихи-өндірістік мұражайы көшпелі көрме өткізді.
Көрме «Қазақмыс» корпорациясының киіз үйлер этно ауылында орналастырылды. Көпшілік назарына көне қару-жарақ, ортағасырлық әшекейлер, тұрмыстық құрал-жабдықтар, ыдыстар ұсынылды. Тамашалаушылар бас экспонат - Шыңғыс ханның балауыздан жасалған мүсінімен бірге суретке түсу үшін кезекке тұрды.
«Мүсіндерді Жезқазған қаласынан жеткізудің өзіндік қиындықтары болды. Алайда осында қойылған соң, оған көпшіліктің қызығушылығы бар екенін көрдік. Шыңғыс ханның балауыз мүсіні мұражайымыздың тапсырысымен 10 жыл бұрын жасалған. Ресей астанасында Герасимов әдістемесі бойынша антропологиялық келбетті жасайтын зертхана бар. Шыңғыс ханның тура өзінің сүйегі табылған жоқ, алайда сипаттау, жылнама, дереккөздер секілді мәліметтер негізінде мүсін әзірленді», - дейді мұражайдың бас маманы Арман Бермағамбетов.
Сонымен қатар, жұрт назарына Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Алаша хан мен Жошы хан мазарларының макеті ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




