Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде "Нұр Отан" партиясы жақтастарының форумы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшіс.
"Кеше біз жеңіске жеттік. Қазақстандық бүкіл көпұлтты халық жеңіске жетті. Қазір ғана ҚХА сайлауы өтті. Қазақстандықтардың 77 пайызы қатысты - бұл рекорд. Нұр Отан сайлаушылар дауысының 82 пайызына ие болды бұл рекорд", - деді Назарбаев.
Ол қазақстандықтарға олардың қолдауы мен бірлігі үшін алғыс айтты.
"Біз біртұтас екенімізді, кез келген қиындықты жеңе алатынымызды көрсеттік. (...) Бұл Тәуелсіздіктің 25 жылдығындағы демократиямыздың ұлы жетістігі", - деді Мемлекет басшысы форумда.
Еске сала кетейік, сайлау 20 наурызда 9840 учаскеде өтті, олардың 65-і шетелдердегі ҚР өкілдіктерінде ашылған. Сайлаушылардың тізіміне 9 791 165 кірді. 7 миллион 500 мың қазақстандық дауыс берді. Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандықтардың 77,1 пайызы дауыс берген.а
ҚР ОСК мәліметінше, үш саяси партия: "Нұр Отан", ҚКХП және "Ақ жол" 7 пайыздан жоғары дауыс жинады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




