Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының сайлауалды штабына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қатысқандардың жалпыұлттық экзит-полл қорытындысы бойынша жаңалықтардың шығарылымын қарап шыққаны айтылады, оған сәйкес "Нұр Отан" партиясы сайлаушылардың 82 пайызының даусына ие болды. Қазақстан Президенті штабтағыларды тарихи жеңісімен құттықтады. "Алдын ала мәлімет бойынша, сайлаушылардың басым бөлігі "Нұр Отан" партиясына сенім білдірген екен - бұл халықтың жеңісі. Бүгін мен дауыс бергендердің барлығына алғыс айтамын. Партиямыздың әр мүшесі осы күрделі кезеңде артылған сенімді бағалауы керек. Бұл жеңіс - ұзақ жылдар бойындағы еңбектің жемісі. Осыған байланысты өңірлердегі штабтарты, партия белсенділері мен еріктілеріне алғыс білдіремін. Сайлауды шамамен 800 шетелдік және шамамен 10 мың жергілікті бақылаушы қадағалады, олар сайлау процессінің заңнамаға сәйкес өткенін атап өтті. Біз әлем қауымдастығының алдында ашық әрі әділ сайлау өткіздік", - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Қазақстанда сайлаушылардың 77 пайызы дауыс берді. Exit poll мәліметінше, үш саяси партия 7 пайыздан жоғары дауыс жинап, ҚР Парламентіне өтті.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




