«Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 81,95 пайыз дауысын иеленіп, айқын жеңіске жетті - Exit-poll
- author «Ақ жол»
- 20 наурыз, 2016
- 209
«Медиа Консул» әлеуметтік агенттігінің сайлаудағы дауыс беру барысында жүргізілген exit-poll нәтижесі бойынша «Нұр Отан» партиясы сайлауда электораттың 81, 95 пайыз дауысын иеленіп, айқын жеңіске жетті. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Медиа Консул» әлеуметтік агенттігінің директоры Юрий Черкасов мәлім етті. Еске сала кетейік, «ҚР Сайлау туралы» заңнамаға сәйкес, exit-poll қорытындысы БАҚ пен қоғамға 21 наурызда сағат 00:00-ден кейін ұсынылады.
«Медиа Консул» әлеуметтік агенттігіне exit-poll-ға тапсырысты «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі берген. Жалпы сұрау салу кездейсоқтықпен таңдалып, 40050 адам шараға тартылған. Оларға «Сіз қай партияға дауыс бердіңіз?» деген жалғыз ғана сұрақ қойылды. «Сауалнама нәтижесі көрсеткеніндей, «Нұр Отан» партиясы - 81,95 пайыз дауыс, Қазақстанның коммунистік халық» партиясына - 7,22 пайыз, «Ақ жол» партиясына - 7,24 пайыз, «Бірлік» партиясына - 0,39 пайыз, «Жалпыұлттық социал-демократтар» партиясына - 1,20 пайыз, «Ауыл» партиясы 2 пайыз дауыс жинады», деді Ю. Черкасов. Агенттік басшысының айтуынша, сайлау барысында еліміздің барлық облыс орталықтарында, шағын қалалар мен ауылдық округтерде барлығы 225-тей дауыс беру учаскесінде сауалнама жүргізілген. Экзит-полл - дамыған мемлекеттерде кеңінен таралған халықаралық тәжірибе. Бұндай зерттеу бірегей әлеуметтік мәліметтер алуға мүмкіндік береді әрі зерттеулер сайлаудың айқындылығын, сондай-ақ тұтастай электораттық мәдениетті арттырады. Зерттеу аясында Астананың және Алматының, сондай-ақ, әрбір өңірдің қалалық және ауылдық халқы тепе-тең ұсынылған. Сауалнаманы өткізуге 250-ге жуық сұхбат алушы тартылып, олардың жұмысын 16 өңірлік менеджер үйлестірген. Еске сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстандағы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау барысында 7 млн. 500 мыңнан астам сайлаушы дауыс берді. ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, алдын ала ақпаратқа сәйкес, республика бойынша тізімге енгізілген барлық сайлаушылардың 77,1 пайызы дауыс беруге қатысты. «Өткен сайлаулардың деректерімен салыстырғанда бұл - рекордтық көрсеткіш», - деді Қ.Тұрғанқұлов.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді